17 ақпан 2021 09:11

ДДҰ өкілі қандай жағдайда пандемияның үшінші толқыны болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович адамдар қауіпсіздік шарасын сақтамаса коронавирус пандемиясының үшінші толқыны басталатынын айтты. Бұл туралы ол "Россия 1" телеарнасына берген эксклюзив сұхбтатта айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович адамдар қауіпсіздік шарасын сақтамаса коронавирус пандемиясының үшінші толқыны басталатынын айтты. Бұл туралы ол "Россия 1" телеарнасына берген эксклюзив сұхбтатта айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Екінші толқын. Иә, қазір дүние жүзі бойынша көрсеткіш төмендеп келе жатыр. Ұжымдық иммунитет әлі толық қалыптаспады. Егер қауіпсіздік сақтамасақ, иә, үшінші толқын болуы мүмкін. Ол адамдардың әрекетіне байланысты", - деді Вуйнович. 

ДДҰ өкілі пандемия қашан аяқталатынын айта алмады. 

"Бірнеше критерий болады. Барлық өңірде бір мезетте науқас саны эпидемиологиялық шектен төмен деңгейге дейін азаяды. Бірақ ол кезде денсаулық сақтау жүйесінде бұл саланың жұмысына кедергі жасайтындай ауыртпалық түспейді. Бірақ ол қашан болатынын айту қиын", - деді ДДҰ өкілі. 

Мелита Вуйнович коронавирустың қалай пайда болғаны туралы айтқан кезінде таяуды ДДҰ сарапшылар тобы Қытайда жұмыс істегенін атап өтті. 

"Бірінші есепті күтіп отырмыз. Ол жерде төрт нұсқа бар. Бірінші болжам адамға жарқанаттан не басқа жануар арқылы тарауы. Ең соңғы нұсқаның бірі - зертханадағы жағдай. Бірақ ол, әрине, қарастылып жатқан нұсқалардың бірі ғана", - деді маман.   

ДДҰ мәліметінше, 16 ақпандағы жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырған 108 822 960 адам анықталған, оның 2 403 641-і қайтыс болған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети