20 қаңтар 2014 14:20

Диетологтар арықтататын азықты анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

сурет vkusnoblog.net сайтынан алынған сурет vkusnoblog.net сайтынан алынған

«Британиялық диетологтар адамның артық салмақтан арылуына септігін тигізетін мінсіз азықты анықтады» деп хабарлайды Tengrinews.kz "Росбалт" ақпарат құралына сілтеме жасап. Ғалымдар көптеген көкөністердің қасиеттерін зерттеп білу нәтижесінде, адамға артық салмақтан арылуға көмектесетін ең пайдалы көкөніс кәді (аскәді-асқабақтың бір түрі) екеніне көз жеткізген. Мамандардың сөзіне қарағанда, кәдіде калория өте аз (100 грамм кәдіде 20 калория бар). Одан басқа, кәді адам ағзасын артық сұйықтықтан арылтады, сондай-ақ организмдегі ауыр металлдардың тұздарын шайып шығады. Сонымен қатар кәдінің ағзадағы холестерин мен токсиндерді бойына сіңіріп алу қабілеті аса жоғары. Кәдінің тағы бір кереметтілігі – оның дәмділігі және кәдіні әртүрлі тәсілмен пісіруге болатындығы. Британдық зерттеушілер артық салмақтан арылу үшін балауса кәдіні пайдалануға кеңес береді. Өйткені балауса кәді өте жеңіл қорытылады. Десе де піскен кәді де бойындағы бар қасиетін сақтайды екен. Сондықтан да ғалымдар "піскен кәдіні пайдалануға да болады" дейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети