1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Эпидемиолог коронавирусқа қарсы М және G антиденесінің айырмашылығын түсіндірді 14 сәуір 2021, 12:05

М антиденелер COVID-19 жұқтырғанда бір аптадан кейін пайда болады, ал G антиденелері қоздырғышпен кездескеннен кейін 2-3 аптадан соң шығарылады.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

М антиденелер COVID-19 жұқтырғанда бір аптадан кейін пайда болады, ал G антиденелері қоздырғышпен кездескеннен кейін 2-3 аптадан соң шығарылады. Бұл туралы Роспотребнадзор эпидемиология орталығының клиникалық және аналитикалық жұмыс жөніндегі директорының орынбасары Наталья Пшеничная айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Эпидемиолог М антиденелерінің пайа болуы жұқпалы аурудың ауыр өтіп жатқанының белгісі екенін айтты. Оның айтуынша, классикалық иммундық реакция кезінде IgM-нің өмір сүру мерзімі қысқа, олардың қандағы концентрациясы тез төмендейді. Бірақ COVID-19 жұқтырған кейбір адамда олар бірнеше ай бойы қанда сақталуы мүмкін.

"Біріншіден, иммундық жүйе IgM өндірісі арқылы патоген әсеріне жауап береді. Бұл ерте антиденелер бүкіл иммуноглобулин отбасындағы ең үлкені. Олар инфекция жұқтырғанда бірінші аптадан кейін пайда бола бастайды. Атидене шоғыры екінші аптада көбейеді. Ол вирус жұқтырғаннан кейін 14-ші күнге қарай пайда болады", - деді Наталья Пшеничная.

Сарапшы бұл жағдайда коронвирус жұқтырғаннан кейін 2-3 аптада пайда болатын G антиденелері қоздырғышпен күресте тиімдірек екенін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!