09 қазан 2019 09:49

Ерлердің қатерлі ісігіне қарсы бірден-бір ем саңырауқұлақ болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саңырауқұлақты үнемі тұтыну ер адамдардың қатерлі ісігі - қуықасты безі ауруынан қорғайды екен. Мұндай жаңалықты жапон ғалымдары ашты. Олар зерттеу нәтижелерін International Journal of Cancer басылымында жариялады, - деп хабарлайды МедикФорум.


Саңырауқұлақты үнемі тұтыну ер адамдардың қатерлі ісігі - қуықасты безі ауруынан қорғайды екен. Мұндай жаңалықты жапон ғалымдары ашты. Олар зерттеу нәтижелерін International Journal of Cancer басылымында жариялады, - деп хабарлайды МедикФорум.

Саңырауқұлақтың пайдасын анықтағандар - Тохоку университетінің ғалымдары - ұзақ уақыт бойы 36,5 мың ер адамды бақылаған. 

Олардың ұзақмерзімді зерттеу жұмыстарына 40 пен 79 жас аралығындағы жапондықтар қатысқан. Ерлердің тамақтану рационының ерекшелігі, сондай-ақ физикалық белсенділігі, зиянды әдеттері (темекі шегу және алкоголь ішу), отбасын құру, денсаулығының сырқатнамасы зерттелген. 

Зерттеу кезінде қатысушылардың 3,3 пайызы қуықасты безі қатерлі ісігіне шалдыққан. Осының нәтижесінде, ғалымдар саңырауқұлақты үнемі тұтыну нәтижесінде және қанша жеміс-жидек пен көкөніс, ет пен сүт өнімдерін тұтынғанына қарамастан қатерлі ісікке шалдықпайтынын анықтаған. 

"Аптасына бір немесе екі рет саңырауқұлақ жеген ер адамдарда (одан аз тұтынған ерлерге қарағанда) қатерлі ісікке шалдығу мүмкіндігі 8 пайызға төмен", - деді жобаның авторлары. 

Тохоку университетінде денсаулық сақтау мектебінің зерттеуші маманы Шу Чжан саңырауқұлақтардың антиоксиданттардың жақсы дереккөзі екенін айтты, әсіресе L-эрготионеиннің. Осы зат қышқылдандыру стрессі мен ағзаның үйлесімсіздігін төмендетеді, сондай-ақ қоршаған ортадан келетін токсиндер зиянды әрекетінің алдын алады екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети