15 наурыз 2018 13:23

Ғалымдар алжудың алдын алу жолын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© awo.kz © awo.kz

Орта жасқа келгенде жүйелі түрде спортпен және физикалық жаттығулармен айналысу алжудың алдын алады - деп жазады EurekAlert! Neurology Neurology журналына сілтеме жасап.


Орта жасқа келгенде жүйелі түрде спортпен және физикалық жаттығулармен айналысу алжудың алдын алады - деп жазады EurekAlert! Neurology Neurology журналына сілтеме жасап.

Ғалымдар спортпен және жүйелі түрде физикалық жаттығулармен айналысқан адамдардың миы өзгелерден қарағанда жақсы жұмыс істейтінін анықтады. Мысалы, 2008 жылы Аустралия ғалымдары 50 минут серуендеген егде жастағы адамдардың есте сақтау қабілеті жақсаратынын дәлелдеген болатын. 

Осылайша, бір топ ғалым шамамен 44 жыл уақыт бойы Швецияда өмір сүретін 200-ге жуық әйелге зерттеу жүргізген. Тәжірибенің басында ғалымдар әйелдерден велотренажердің педальдерін айналдыруын сұрап, олардың максималды түрде қанша энергия жұмсай алатынын өлшеген. Кейінірек ғалымдар осы зерттеуге қатысып жатқан әйелдерді сынақтан өткізу арқылы олардың есте сақтау қабілетінің қалай өзгергенін зерттеген.

Зерттеу қорытындысы 200 әйелдің тек 5 пайызында есте сақтау қабілеті бойынша қиындықтар туғанын көрсетті.

Енді ғалымдар осы орайда ми, жүрек және тамыр арасында қандай байланыс бар екенін және оны қалай басқаруға болатынын анықтап көреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети