19 қазан 2017 16:24

Ғалымдар әйелдердің уақыт өткен сайын жыныстық қатынастан неге бас тартып жатқанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Creu.ru © Creu.ru

Портленд университетінің Медициналық зерттеулер орталығының ғалымдары 1500 әйелден алған сауалнамасын жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости Medical News Today басылымына сілтеме жасап. 


Портленд университетінің Медициналық зерттеулер орталығының ғалымдары 1500 әйелден алған сауалнамасын жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости Medical News Today басылымына сілтеме жасап. 

Зерттеу климакстың әйелдердің жыныстық қатынасы дағдысына қалай әсер ететінін анықтауға бағытталған. Зерттеуге қатысушылардың сұраққа бірден бірнеше жауап беру мүмкіндігі болған. 

Сұрау алынған әйелдердің жартысына теңі жыныстық қатынас кезінде өне бойында пайда болатын ауру сезімдеріне шағымданды, ал 47 пайызы жұптарының тарпынан жыныстық қатынасқа қызығушылығы болмайтындығын айтты. Төрттен бірі жағымсыз сезімдер туатындықтан бас тартанын ашып айтқан. Сұрау алынған әйелдердің жартысына жуығы зерттеуге дейін жарты жыл жыныстық қатынасқа түспегенін мәлімдеген. 

"Климактерикалық синдром белгілері әйелдердің жыныстық қатынас белсенділігін шектейді және одан алатын эмоциялық тәжірибесіне кері әсер етеді", - деп атап өтті зерттеу тобының жетекшісі Аманда Кларк. 

Мұның алдында ғалымдар ерлердің жыныстық қатынастан қанағаттануы оның ұзақтығы, ынтасы мен ләззат алуына байланысты екенін анықтаған. Ал әйелдерде бұл процесс ерлердің оларға деген қызығушылығы мен ләззат алуына байланысты болады екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети