08 қыркүйек 2018 11:41

Ғалымдар қандай тағамдардың инфаркттан қорғай алатынын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрамында қанықпаған майы көп тағамдар денсаулықты жүрек-қан тамырлары ауруларынан қорғайды. Мұндай шешімге Архангель Михаил ауруханасы жанындағы Кинан атындағы биотехнологияны зерттеу орталығының мамандары келіп отыр. Олардың зерттеуі Nature Communications журналына жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай өнімдерге зәйтүн майы жатады. Оны тұтынғаннан кейін ағзада қан плазмасы ақуызы - аполипопротеиннің А-IV (АpoA-IV) концентрациясы көбейеді. Бұрынырақ ғалымдар бұл заттардың ағзада көп болуы жүрек ауруының қаупін төмендететінін дәлелдеген.

Жаңа зерттеулердің нәтижесі бойынша, мамандар ApoA-IV ақуызы тромбоциттердің белсенділігін басады деген тұжырымға келіп отыр. Ол бұл элементтердің жиналуына негізгі әсерін тигізетін мембрана ақуызы гликопротеинді IIb/IIIa қоршайды. Бұл жасушалардың бір жерге жиналуы тамырдың бітелу қаупін жоғарылатады, нәтижесінде ұйыған қан (тромб) пайда болып, қанның жүйеде еркін айналуына кедергі келтіреді. Ғалымдардың айтуы бойынша, тромбоз өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Сонымен қатар, аполипопротеиннің A-IV өзіндік "биологиялық сағаты" - циркадты ритмы бар екені анықталып отыр. Ақуыз түнде белсенділік танытып, таңертең "демалады".

"Табиғат Ана біздің осы ақуыздың арқасында түнде тыныш ұйықтағанымызды қалайды және жүрек ауруларының алдында тек таңертең ғана осалдық танытамыз", - деп қосты зерттеудің авторы, гематология, онкологиялық және аутоиммундық ауруларды зерттеу орталығының директоры Хеу Ни.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети