16 ақпан 2018 11:02

Ғалымдар қатерлі ісік қаупін арттыратын тағамдар тізімін жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © Narmed.ru Иллюстрациялық сурет © Narmed.ru

Франция мен Бразилия ғалымдарының біріккен тобы өңделген азық-түлік пен онкологиялық аурулар арасында байланыс барын анықтады, - деп хабарлайды MedicalXpress.


Франция мен Бразилия ғалымдарының біріккен тобы өңделген азық-түлік пен онкологиялық аурулар арасында байланыс барын анықтады, - деп хабарлайды MedicalXpress.

Нан тағамдары, снектер, газдалған сусын, қанты бар жүгері үлпектері, жартылай дайын өнім және қалпына келтірілген ет өнімдері "ультраөңделген" деп есептеледі. Мұндай тағамдарда қант, май, тұз көп және дәрумен мен жасұнық өте аз. 

43 жас шамасындағы 104 980 әйел мен ер адам қатысқан зерттеуде олар 24 сағаттық екі онлайн сауалнама толтыру керек болды. Сұрақтар тағамның 3 300 түріне қатысты болды. Зерттеу кезінде ғалымдар қатысушылардың жасын, жынысын, білім деңгейі, онкологиялық ауруларға бейімі, зиянды әдеттері мен физикалық дайындығының деңгейін ескерді. 

Зерттеу қорытындысы өңдеуден өткен азық-түлікті пайдалануды 10 пайызға арттыру онкологиялық ауруларға шалдығу қаупін 12 пайызға жоғарылататынын көрсетті. Оның ішінде сүт безі обырына шалдығу көрсеткіші 11 пайызға артады екен. 

Ғалымдар тобының пайымынша, бұл мәселе тереңірек зерттеуді қажет етеді. Зерттеу қорытындыларына сүйене отырып, ғалымдар қазірден бастап тамақтану жүйесін реттеуге және өңдеуден өткен азық-түлік түрлеріне салықты арттыруға шақырып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети