Ғалымдар қатерлі ісіктің аса қауіпті түрін атады

24 Шілде 2018, 12:08
0
Көрнекі сурет: pexels.com
Көрнекі сурет: pexels.com

Сарапшылар қатерлі ісіктің аса қауіпті түрін анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Лондонның Империялық колледжінің ғалымдарының жетекшілігімен Халықаралық сарапшылар тобы Yin Yang1 деп аталатын молекуланың қатерлі ісіктің өсуімен қатар, сүт безінің емделмеуіне әкеліп соқтыратынын анықтады. 

"Yin Yang1 (YY1) ақуызы - белгілі бір гендерлік транскрипцияны реттеуге қатысатын транскрипция факторы. Онкологиялық аурудың даму рөлін анықтау үшін зерттеушілер эстрогенді рецепторлі позитив (ER-позитив) ісігі бар 37 науқастың гендерлік белсенділігін зерттеген. Аурудың бұл түрі барлық кеуде тұсындағы қатерлі ісіктің 70 пайызын құрады және ол гормоналдық терапия көмегімен емделетін болып шықты, - деп хабарлайды басылым MedicalXpress-ке сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, ғалымдар қандай энхансердің қатерлі жасушалармен қатысқанын анықтады. Айта кетейік, энхансерлер - транскрипциялық факторларды байланыстыратын және басқа хромосомада орналасқан немесе тіпті жақын жерде орналасуы мүмкін геннің белсенділігін арттыратын ДНҚ бөліктері.

Сөйтсе, жасуша дамуының белгілі бір кезеңінде Yin Yang1 және SLC9A3R1 генін реттеуге қатысатын күшейтетін заттар өсіп, емделуге төзімді болып қалады. Бұл жағдайда SLC9A3R1 қоспасы қатерлі жасушаның өсуіне айтарлықтай үлес қосып, қалғанын тек Yin Yang1 өзі реттеп отырады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай