1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Ғалымдар коронавирус жұқтырғандар арасында өлім деңгейін жоғарылататын препараттарды атады

© pixabay.com © pixabay.com

Америкалық ғалымдар коронавирус жұқтырған науқастарда өлім қаупін жоғарылататын препаратты атады, - деп хабарлайды "Известия"

Мамандардың пікірінше, гастрит, қыжылдау кезінде тұтынатын дәрі-дәрмектер коронавирус жұқтырған науқастың жағдайын ушықтырып жіберуі мүмкін. Зерттеу нәтижесі бойынша, COVID-19 анықталып, осы препараттарды қолданған науқастардың арасында өлім деңгейі аталған дәрілерді қолданбағандарға қарағанда 2-3 есе үлкен. 

Одан бөлек, бұл науқастардың өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттарына қосылу деңгейі 2,5 есе үлкен. 

Ресейлік гастроэнтерологтардың пікірінше, бұған себеп - аталған препараттарды қолданған кезде тұз қышқылы бөлінуі. Бұл өз кезегінде асқазанның кедергі функциясының төмендеуіне және ішек микробиотасының өзгеруіне әкеледі. Осылайша вирустың бөліктері адам организміне шырышты қабық арқылы тез еніп, науқастың жағдайын қиындатады. Сондықтан мамандар коронавирус жұқтырған кезде аталған препараттарды қолданбауды ұсынады. 

Ғалымдар науқастар арасындағы өлім деңгейі мен жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылуға мәжбүр болатыны туралы 46 жағдай бойынша анықталғанын айтады. Алайда зерттеу жұмысы әлі де рецензия процедурасынан өтпегендіктен және жарияланбағандықтан, оған клиникалық тәжірибе барысында сүйенуге болмайды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!