1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Ғалымдар неліктен таңертең аш қарынға кофе ішпеу керегін түсіндірді 02 қазан 2020, 08:48

Ұлыбританияда Бата университетінің ғалымдары таңертең аш қарынға кофе ішкенде қандағы қант құрамы бұзылатынын анықтады. Зерттеу нәтижесі British
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Көрнекі сурет:  pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлыбританияда Бата университетінің ғалымдары таңертең аш қарынға кофе ішкенде қандағы қант құрамы бұзылатынын анықтады. Зерттеу нәтижесі British Journal of Nutrition журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Талдау кезінде еріктілердің бір тобына оянған соң бірден тәтті шырын ішу ұсынылды. Ол шырынның құрамы кәдімгі таңғы астың калориясымен тең.

Ал екінші топтағылар таңертең аш қарынға қою кофе ішті және жарты сағат өткен соң оларға құрамында қанты бар сусын берілді.

Содан соң екі топ қатысушыларының қаны талдауға алынды және глюкоза деңгейі тексерілді. Сонда кофе ішкен еріктілердің қанындағы қант құрамы 50 пайызға көбейген.

Мамандардың айтуынша, ұзақ жылдар бойы таңертең аш қарынға кофе ішкен адамның ағзасында глюкоза құрамы өзгереді, салдарынан екінші типтегі диабетке шалдығу қаупі күшейеді.

Зерттеушілер таңғы кофеден "мүлдем бас тартыңдар" демейді, тек таңғы астан кейін ішуге кеңес береді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!