21 желтоқсан 2017 16:38

Ғалымдар шылым шегетіндердің өкпесін қандай жемістер тазартатынын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nekuru.com © nekuru.com

Алма мен қызанақты көптеп тұтыну шылымға құмар адамдардың өкепісіне оң әсер етеді. Зерттеу қорытындысы European Respiratory Journal басылымында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Нововсти


Алма мен қызанақты көптеп тұтыну шылымға құмар адамдардың өкепісіне оң әсер етеді. Зерттеу қорытындысы European Respiratory Journal басылымында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Нововсти

"Өкпенің қызметі 30 жасқа таман нашарлай бастайды және оның жылдамдығы жеке адамның денсаулығы мен қоршаған ортасына байланысты болады. Зерттеу жемісті көбірек жеу бұл процесті баяулатып, тіпті өкпені шылым шегумен байланысты зияннан сақтайтынын көрсетіп отыр", - дейді Балтимордағы Джон Гопкинс университетінің маманы Ванесса Гарсия-Ларсен (Vanessa Garcia-Larsen).

Шылым шегу мен ауаның ластануы өкпенің созылмалы обструктив дертіне шалдықтырады. Ал оның меңдеуі өкпе тіндерінің қабынуына әкеп соқтырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының болжамы бойынша, 2020 жылға таман бұл әлем бойынша өлімге әкеп соқтыратын ең қауіпті үшінші дертке айналады. 80-90 пайыз жағдайда оның себебі шылым шегу болып келеді екен. 

2002 жылы Еуропаның әр бөлігінен 600 адамның тамақтану, өкпесінің саулығы мен қаншалықты жиі шылым шегетіні туралы мәлімет алынған. 10 жылдан кейін бұл зерттеу қайта жасалды. Зерттеу қорытындысы тамақтану әдеті мен өкпенің саулығы арасында тікелей байланысты көрсеткен. Күніне үш қызанақ немесе бірнеше тілім алма жеген адамдардың өкпесі тазалау болған. 

Айта кетейік, өкпенің саулығына жемістердің өздері ғана әсер еткен. Мусс, шырын және өзге де өңделген өнімдер мұндай әсерге ие болмаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети