23 сәуір 2014 14:06

Халал өнімдер Астана мен Алматы балабақшаларына жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Instagram.com/danik_kaz ©Instagram.com/danik_kaz

Астана мен Алматыда халал өніммен тамақтандыратын балабақшалар ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оларда аптасына бір рет араб тілі мен ислам сабақтары оқытылады.


Астана мен Алматыда халал өніммен тамақтандыратын балабақшалар ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оларда аптасына бір рет араб тілі мен ислам сабақтары оқытылады.

"Астанада ас мәзіріне халал емес өнімдер кірмейтін екі балабақша бар. Бұл бағыт біртіндеп дамып келеді, сұраныс артып отыр. Әрине, халал мен халал еместі таңдау керек болса, мен халалды таңдаймын. Кәсіпкерлер де өз өнімдерін осы бағытта шығаруға тырысады. Алматыда да сондай балабақша бар, әзірше ол жалғыз. Республиканың басқа қалаларында әзірше халал балабақшалар жоқ", - дейді Халал индустриясы қауымдастығының төрағасы Марат Сәрсенбаев.

Ал Тағамтану академиясы кішкентай балалар тиісті деңгейде тамақтануы керек деп есептейді. "Бұл, әрине, дұрыс емес. Олар артық кетіп жатыр, діни сипат ала бастады. Дәрумендер, май мен тағы басқалардың белгілі бір нормасын есепке алғанда, балалар өз жасының қажеттілігіне қарай тамақтануы керек. Тағам сапалы болуы тиіс. Халал өнімдер осы стандартқа сай болып жатса, бөлек әңгіме. Негізі, балалар сегіз жасқа дейін халал өнімдерді тұтынбағаны жөн. Өнімдердегі микроэлементтерді, ақуыз, май мен көмірсу мөлшерін ғылыми тұрғыдан тексерген дұрыс", - дейді Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.

Академия президенті қымыз бен шұбат беретін балабақшаларға қатысты пікірін білдірді. "Бұл - түбегейлі дұрыс емес. Қымызды балаларға ішуге болмайды, онда алкогольдің белгілі бір мөлшері бар. Біз кішкентай балаларға қымыз ішуге кеңес бере алмаймыз", - дейді ол.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети