03 маусым 2020 10:10

"Жақсы жаңалық жоқ". Хабиб Нурмагомедовтің ағасы әкесінің жағдайы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің ағасы Умар Нурмагомедов Абдулманап Нурмагомедовтің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің ағасы Умар Нурмагомедов Абдулманап Нурмагомедовтің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менде нақты дерек жоқ. Қазір көкемнің жағдайы ауыр. Жағдайы сәл жақсарып келе жатқандай, бірақ жақсы жаңалық жоқ дейді", - деп хабарлады Умар Нурмагомедов  Instagram-дағы Gorilla Fighting аккаунтының эфирінде.

"Жағдайы өте ауыр". Хабиб Нурмагомедов COVID-19 жұқтырған әкесі туралы айтты

Еске салайық, Абдулманап Нурмагомедов 24 сәуірде ауруханаға түскен болатын. Одан вирусты пневмония анықталған, алғашқы күндері жағдайы жақсы болған. Дәрігерлер одан қозғалмауды сұрағанына қарамастан жаттығулар жасап жүрген. Кейін жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түскен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети