Жаңа штамға байланысты Pfizer мен Moderna вакциналарының құрамы жаңарады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Америкалық Pfizer және Moderna фармацевтикалық компаниялары COVID-19-дың жаңа штамының таралуына байланысты дәрі-дәрмектердің құрамын өзгерте алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық Pfizer және Moderna фармацевтикалық компаниялары COVID-19-дың жаңа штамының таралуына байланысты дәрі-дәрмектердің құрамын өзгерте алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Жақында пайда болған нұсқа ең жұқпалысы саналады. Кейбіреулер бұл қазіргі COVID-19-ға қарсы вакциналардың қорғанысын бұзып өтуі мүмкін деп қорқады.

АҚШ-тағы ең көп таралған екі вакцинаны шығаруға жауапты Pfizer фармацевтикалық компаниясы, BioNTech және Moderna вакциналары бойынша серіктестері қажет болған жағдайда жаңа омикрон нұсқасынан қорғауды қамтамасыз ету үшін вакциналар құрамын тез жаңарта алатынын мәлімдеді.

Бұл ауру нұсқасы АҚШ-та әлі анықталмаса да, коронавирустың жаңа штамы Африка мен Еуропаның көптеген елінде анықталып қойған, бұған АҚШ шенеуніктер асқан дайындықпен әрекет ететіні айтылады.

"Moderna, BioNTech және Pfizer бізге мұны мұқият қадағалап отырғанын және қажет болған жағдайда вакциналарды тез жаңарта алатынын хабарлады", - деді CNBC журналисі Мэг Тирелл.

Moderna жаңа штамға қарсы тиімді вакциналардың клиникалық сынақтарын 60 күн ішінде бастауы мүмкін екенін хабарлапты.

Сондай-ақ, Pfizer қажет болған жағдайда алты апта ішінде мРНҚ вакцинасын бейімдей алатыны және қажет болған жағдайда өнімді 100 күн ішінде жібере алатыны айтылады.

"Екі апта ішінде BioNTech зертханалық мәліметтері бұл нұсқа вакциналардың қорғауын бұза ала ма әлде жоқ па деген сұраққа жауап береді", - деді ол.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) жариялаған мәліметтерге сәйкес, 108 миллионнан астам америкалыққа Pfizer/BioNTech вакцинасы, ал 71,5 миллионға Moderna вакцинасы салынған.

Johnson & Johnson, АҚШ-та қолжетімді үшінші вакцина өндірушілері де вакцинаның жаңа нұсқаға қарсы тиімділігін тексеріп жатқанын хабарлапты. CDC мәліметтері бойынша, J&J вакцинасымен 16 миллионға жуық америкалық иммундалыпты.

Бұған дейін санитария дәрігерлері Алматыда "омикрон" штамының пайда болу ықтималдығы туралы айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer