27 шілде 2022 17:30

Жазда фонтанға шомылудың қандай қаупі бар?

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қаладағы субұрқақтар қандай қауіп төндіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қаладағы субұрқақтар қандай қауіп төндіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазда балалардың сүйікті ойын-сауықтарының бірі - субұрқақтарда шомылу. Фонтанға ересектер де шомылатын кездер болады. Бұл өте қауіпті. Мәселе қаладағы субұрқақтар суы шомылуға арналмағанында. Оның құрамына денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретін түрлі химиялық заттар қосылады. Түрлі инфекцияларды жұқтыру қаупі бар. Кейін ауру жұқтырып қана қоймай, ауруды таратуыңыз да мүмкін.

"Фонтанда шомылу жіті ішек, респиратор инфекциясына әкелуі мүмкін, ал негізгі қауіп - энтеровирус, ротавирус инфекциялары, сондай-ақ, А вирустық гепатиті. Жыл сайын, жазда мамырдан қыркүйекке дейін, вирустық, санитариялық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштерге су сынамаларын алып, субұрқақ кешендерінің су сапасына мониторинг жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта елімізде 643 субұрқақ жұмыс істейді, оның 318-і (49,4 пайызы) зертханалық бақылаумен қамтылған. Биылғы вирус көрсеткіштеріне 197 су сынамасы, бактерия көрсеткіштеріне 76 су сынамасы және санитариялық-химиялық көрсеткіштеріне 47 су сынамасы алынды. Сәйкес келмейтін сынамалардың негізгі көлемі (9,1 пайыз) вирус көрсеткіштері бойынша анықталған.

"Зерттеу нәтижелері бойынша, рұқсат етілген межеден ауытқулар Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында анықталды. Қалған өңірлерде зерттелетін су сынамаларының нәтижесі нормаланатын көрсеткіштер шегінде.

Су мониторингінің нәтижелері бойынша, шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға, аумақтық полиция департаменттеріне, сондай-ақ, бұрқақтарға қызмет көрсететін ұйымдарға ұсынымхаттар жолданғаны мәлім болды", - деді мамандар.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сақтық шараларын сақтауға, субұрқақтарда шомылудан аулақ болуға, өзіңізді және жақындарыңызды инфекция қаупіне ұшыратпауға кеңес береді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети