09 ақпан 2022 11:13

Johnson & Johnson COVID-19-ға қарсы вакцина өндірісін тоқтатты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©REUTERS Сурет ©REUTERS

Johnson & Johnson (J&J) компаниясы COVID-19-ға қарсы вакцина шығаратын жалғыз зауытты жапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.


Johnson & Johnson (J&J) компаниясы COVID-19-ға қарсы вакцина шығаратын жалғыз зауытты жапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

The New York Times газетінің мәліметінше, корпорация 2021 жылдың аяғында Голландияның Лейден қаласындағы зауытын жапты. Зауыт оның орнына вирустан қорғайтын басқа вакцина шығаруды жоспарлап отыр. Яғни тәжірибе ретінде, бірақ тиімдірек вакцина шығарады.

Компания қызметкері қазір J&J қоймаларында миллиондаған COVID-19 вакцинасының дозасы бар екенін және ол өзінің зауыттарын вакцина өндіруге қажет дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді одан ары жалғастыратынын айтты.

"Біз COVAX Facility мен Африка одағына қатысты келісімшарт міндеттемелерін орындауды жалғастырамыз", - деді компания өкілі.

Бұл процесс уақытша болады, кейінірек компания өндірісті қайта бастауға ниет білдіріп отыр. Агенттік мәліметінше, зауыттың уақытша жұмыс істемеуі J&J вакцинасын жеткізуді бірнеше жүз миллион дозаға дейін төмендетуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети