25 қыркүйек 2020 17:19

Қан анализі COVID-19-дан өлім қаупін бағалауға мүмкіндік береді - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: loritom.ua Фото: loritom.ua

Массачусетс ауруханасының мамандары қарапайым қан анализі коронавирустан өлім қаупін анықтауға мүмкіндік беретінін анықтады, - деп хабарлайды JAMA Network Open.


Массачусетс ауруханасының мамандары қарапайым қан анализі коронавирустан өлім қаупін анықтауға мүмкіндік беретінін анықтады, - деп хабарлайды JAMA Network Open.

Сондай-ақ, мамандар қан талдауы науқасты емдеуге қалай әсер ететінін, әрі қажет болған жағдайда терапияны өзгертуге септігін тигізетінін анықтаған.

Сарапшылар 2020 жылдың басында Бостон ауруханасына коронавирус жұқтырған 1 641 науқастың қан талдауына эритроциттердің көлемі бойынша таралуына (RDW) зерттеу жүргізген. Бұл анализ науқас қанындағы ең үлкенінен ең кішкентайға дейінгі эритроциттің айырмашылығын көрсетеді.

Қазіргі таңда аталған әдіс анемия, жүрек ауруы, қан ауруы және қант диабеті сияқты әртүрлі ауруларды диагностикалау үшін қолданылады.

Көрсеткіштің төмен болуы барлық қан денешіктерінің бірдей көлемде екенін көрсетеді. Сондай-ақ, көрсеткіштің жоғары RDW болуы әдетте адамның нашар тамақтанатынын білдіреді. Алайда АҚШ зерттеушілері көрсеткіштің жоғары нәтиже көрсетуі COVID-19-дан болатын өлім-жітіммен байланысты екенін анықтаған.

Зерттеу барысында RDW жоғары нәтиже көрсетіп, ауруханаға түскен науқастар вирустан 2,7 есе жиі өлетіні белгілі болған. Сонымен қатар, RDW жоғары нәтиже көрсетуі COVID-19 жұқтырған жас науқастардан да анықталыпты.

Сарапшылардың болжамынша, RDW көрсеткіші науқасты ауруханаға жатқызу кезінде оның денсаулығын бақылайтын пайдалы биомаркер бола алады. Яғни, ол науқастың жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін индикатор болмақ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети