14 қазан 2014 13:25

Қазақстан Эбола безгегіне қарсы вакцина жасай алады - ғалым

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстандық ғалымдардың ғылыми әлеуеті Эбола безгегіне қарсы вакцина жасауға жетеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Білім және ғылым министрлігі "Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Абылай Сансызбай айтты.


Қазақстандық ғалымдардың ғылыми әлеуеті Эбола безгегіне қарсы вакцина жасауға жетеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Білім және ғылым министрлігі "Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Абылай Сансызбай айтты.

Ғалымның айтуынша, қазақстандық вирусологтердің безгек түрлеріне, оның ішінде, геморрагиялық түрлеріне қарсы вакцина жасауға қажетті білімі мен тәжірибесі бар. Ғылыми-зерттеу институтында құс тұмауы мен доңыз тұмауына қарсы препараттар жасалып жатыр. Бұл вирустардың штамын ғалымдар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан, 2014 жылы болған телекөпірден кейін алған.

Бірақ отандық ғалымдардың Эбола безгегімен айналысуға қажетті жағдайы жоқ. "Бұл үшін биоқауіпсіздіктің төртінші деңгейіндегі зертхана керек. Қазақстанда ол әзірге жоқ, қазір біз тек қауіпсіздіктің үшінші деңгейіндегі зертхананың құрылыс жұмыстарын бітіріп жатырмыз", - деді Сансызбай. Ол қажетті жағдайдың Ресейде барын айтады, онда қазір батыс Африкада таралып, АҚШ-қа жеткен безгек ауруына қарсы вакцина жасалып жатыр.

Сонымен бірге, ғалым Эбола вирусының штамдарын қазақстандық мамандар қажетті зертханасы болмаса да ала алатынын айтты. "Мұнымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айналысып жатыр. Егер біз олардан Эбола безгегінің жаңа штамын алсақ, қауіпсіздіктің үшінші деңгейіндегі зертханасында айналыса бастаймыз. Бұл үшін комиссия келіп, жағдайды қарастыру керек", - дейді Сансызбай.

Әзірше ғалымдар Жамбыл облысында вакцина өндіретін зауыттың жобасымен айналысып жатыр. Оның құрылысы жеткілікті қаржыландырудың жоқтығы себебінен басталмаған. Ғылыми-зерттеу институты бас директоры жобаға Оңтүстік Кореяның қызығушылық білдіріп жатқанын айтты. Бұл ел зауыттың жарты құнын қаржыландыруға ниет етіп отыр. Сансызбайдың болжамы бойынша, Корея осылайша ТМД мен Еуропа нарығына шығуға ниетті. 

Бұған дейін егер осы уақытқа дейін тиімді вакцина жасалмаса 2014-2015 жылдары Эбола безгегі Қазақстанға да жетуі мүмкін екені хабарланған болатын, Бұл жұқпалы аурудың Қазақстанға Еуропа немесе АҚШ, Үндістан, Таиланд немесе Түркия арқылы жетуі ықтимал.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети