Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанда қызамықпен ауыратындар саны 150 есеге азайды

21 Тамыз 2015, 18:58
0
© РИА Новости
© РИА Новости

Қазақстанда қызамықпен ауыратындар саны биыл 2014 жылға қарағанда 150 есеге азайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2015 жылы 7 ай ішінде Қазақстанда қызамықпен ауыру жағдайы бір рет тіркелген, ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде 149 жағдай тіркелді. Соңғы 20 жылда қызамықпен ауыратындар саны 1300 есеге азайды.

Айта кетейік, қызамық - адамды ғана зақымдайтын вирусты сырқат. Ол ұсақ дақты бөртпе түрінде жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен және жеңіл уланумен сипатталады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі жүкті әйелдердің қызамықпен ауыруы нәрестеге індет жұқтыру қаупі мен туабітті қызамық синдромының артуына себеп болатынын хабарлады. Бұл мүгедектікке әкелуі мүмкін. "Сондықтан да егер әйел адам жүктіліктің алғашқы үш айында қызамық ауруына шалдықса, дәрігерлер жүктілікті тоқтатуға кеңес береді", - деп жазылған хабарламада. Дәрігерлер қызамықтан екпе салдыру арқылы ғана сақтануға болатынын айтты.

Қазақстанда қызамыққа қарсы иммундау 2000 жылдан басталған. Профилактикалық екпе күнтізбеге сәйкес жүргізіледі: 12 айлық балалардың егілуі, 6-7 жастаға балаларды ревакцинациялау. Бала кезінде егілмеген адамдарға екпе 25 жасқа дейін жасалады. Екпе алу вакцинация алмаған, 25 жастан асқан және жүктілікті жоспарлаған әйелдерге ұсынылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай