20 ақпан 2016 12:59

Қазақстанда сұлулық салондары шала туылған балалардың аналарына арнап акция өткізуге шақырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Карла Нұр © Карла Нұр

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының неонатолог-дәрігері Гүлнара Тукуева "Жақсылық жаса" бүкілқазақстандық акциясына арналып ОКҚ-да өткен брифинг барысында сұлулық салондарының иелерін шала туылған балалардың аналарына қолдау көрсетуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының неонатолог-дәрігері Гүлнара Тукуева "Жақсылық жаса" бүкілқазақстандық акциясына арналып ОКҚ-да өткен брифинг барысында сұлулық салондарының иелерін шала туылған балалардың аналарына қолдау көрсетуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрбір бала дені сау болып туыла бермейді. Салмағы аз балалар болады. Қазақстан 2008 жылдан бері тірі туылудың жаңа өлшеміне өтті, яғни біз дене салмағы 500-700 граммнан жоғары болып туылатын балаларға күтім көрсетеміз. Өздеріңіз ойлап көріңіздер, неткен кішкентай нәрестелер. Ең біріншіден, олар үйіне барғанша аз уақыт кетпейді. Ол бір ай немесе екі-үш ай болуы мүмкін. Осы уақыт аралығында аналар балаларының жанында, стационар жағдайында болады. Әрине, біз медициналық көмек көрсетіп, құрал-жабдық пен білімді бере аламыз, дәрі-дәрмекпен қамтимыз. Бірақ ол аналарға адамгершілік тұрғыда ықылас жетіспейді", - деді неонатолог-дәрігер.

"Мен кез келген әйел өзін әйел ретінде сезінгісі келеді деп ойлаймын, осындай жағдайда сұлулық салондарының иелерін бізге келіп, акция өткізіп, сол әйелдерге шаш үлгісін, маникюр жасап, олардың сәл де болса өздерін әйел ретінде сезінулеріне қолғабыс жасауға шақырамын. Айтарлық, сол торыққан сәтте аз болса да еңселері көтерілсін", - деді Тукуева сұлулық салондарының иелеріне.

Сонымен қатар, акцияны қайырымдылық саласының өкілдері, Аружан Саин, әнші Димаш Құдайберген мен Мөлдір Әуелбекова, Қазақстан халқы ассамблеясы мен телевизия және БАҚ өкілдері қолдады.

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, екі аптаның ішінде #ДелайДобро және #ЖақсылықЖаса хэштэгімен Қазнетте еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден аса жазба мен ролик жарияланған.

SMM-жобаның мақсаты - мейірім, бейбітшілік, өзара қолдау, қайырымдылық құндылықтарын арттыру.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети