17 тамыз 2020 16:30

Қазақстанда вакцина неліктен барлық азаматқа тегін берілмейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина неліктен барлық азаматқа тегін жасалмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина неліктен барлық азаматқа тегін жасалмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"COVID-19-ға қарсы вакцинаны неліктен тек қауіп тобындағы азаматтар алады? Ол халықтың 10 пайызы, жалпы 19 миллион ғанамыз", - деді журналист ОКҚ брифингінде. 

Журналист азаматарды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен вакцинациялауды ұсынды. 

"Дәстүрлі қауіп тобындағы адамдар бар, Қазақстанда олардың саны - 2,2 миллион. Оған созылмалы жүрек-тамыр аурулары бар адамдар, 65 жастан асқандар, қант диабеті және басқа да созылмалы аурулары бар адамдар жатады. Сондықтан сау адамдарға сол қауіп тобына жатуға тырысудың керегі бар ма? Белгілі бір әлеуметтік ереже мен заңдар бар ғой", - дейді Бағдат Қожахметов. 

Оның айтуынша, сау, еңбек ететін адам өзін-өзі қамтуы керек. Оның ішінде, вакцинамен де. 

"Бұл - менің жеке ұстанымым. Меніңше, кез келген дұрыс пікірдегі адам менің ұстанымыммен келіседі", - дейді ол.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети