Қазақстандық жастар энергетиктерден кейін ауруханаға түсіп жатыр - кардиолог

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Жастардың энергетикалық сусындардан кейін жүрек талмасына шалдығып, ауруханаға түсуі жиілеп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жастардың энергетикалық сусындардан кейін жүрек талмасына шалдығып, ауруханаға түсуі жиілеп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы қалалық кардиологиялық орталық директоры Алмат Қодасбаев айтты.

Оның айтуынша, науқастар жиі жаман әдеттерден бірден бас тарта алмай, денсаулығын нашарлатып алады.

"Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары жасарып барады. Біздің негізгі контингентіміз 60-70 жастан асқан, бірақ кейінгі кездері жүрек ауруларының әртүрлі түрімен ауыратындар жиі кездеседі. Негізгісі, артериялық гипертензия – бақылаусыз, саны көп. Тағы бірі инфаркт - стресс, эмоционалдық күйзеліс, зиян сусындарды шамадан тыс тұтынудан ағзаны шамадан тыс жүктеудің салдары. Бізге энергетиктерді қолданғаннан әртүрлі жүрек ауытқуы бар науқастар жиі келеді", - дейді Алматы Кодасбаев.

Өкінішке қарай, энергетикалық сусындардың жүрекке әсері туралы ғылыми зерттеулерге жеткілікті көңіл бөлінбейді дейді маман.

"Өндірушілер бұл сусын ағзаға зиян деп санамайды. Анамнез жинау кезінде пациенттер энергетикалық сусындарды асыра пайдаланғанын айтады. Жүрек соғу жиілігі өзгереді, жалпы патология байқалады. Энергетикалық сусындарға тыйым жоқ, бірақ әрбір денсаулығын қадағалайтын адам жақсы жарнамаға қарамастан, энергетикалық сусындардың ағзаға зиян екенін білуі керек", - дейді кардиохирург.

Маман жаман әдеттерден бас тартуды, салауатты өмір салтын ұстануды, жейтін тағамның сапасын қатаң бақылауды ұсынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer