28 қараша 2014 18:58

Қазақстандықтар қырғызстандық дәрігерлерге генератор сатып алып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенкулова ©Роза Есенкулова

Электр жарығынсыз жүрекке операция жасаған қырғызстандық дәрігерлерге генератор сатып алып беру үшін қазақстандықтар ақша жинап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Құрылғы Оңтүстік аймақтық жүрек-қан тамырлары хирургиясының ғылыми орталығына жеткізілді. 


Электр жарығынсыз жүрекке операция жасаған қырғызстандық дәрігерлерге генератор сатып алып беру үшін қазақстандықтар ақша жинап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Құрылғы Оңтүстік аймақтық жүрек-қан тамырлары хирургиясының ғылыми орталығына жеткізілді. 

Дәл осы орталықта 2014 қазан айында жүрекке жасалған даулы оперция болған еді. Операция барысында электр жарығы сөніп, дәрігерлер ұялы телефонның жарығы арқылы операцияны соңына дейін жеткізген. Генераторға ақша жинап беру туралы ұсынысты қайырымдылық қорының координаторы Әділет Саткеев бастаған. Ол әлеуметтік желілер арқылы мұндай жағдайға бей-жай қарамайтын адамдарға өз ұсынысын айтқан. 

Қаржының басым бөлігін қырғызстандық дәрігерлердің ерлігін ерекше бағалаған қазақстандың кәсіпкерлер жинап берген. "Мұндай жағдай екінші рет қайталанбас үшін біздің Қазақстандағы достарымыз генераторға ақша жинап берді. Енді алдағы уақытта электр жарығынсыз өтетін оталар болмайды деп үміттенемін. Мұндай жағдайда біздің дәрігерлер көп адамның өмірін сақтауға мүмкіндік алады", - дейді Әділет Саткеев. 

Еске салайық, электр жарығынсыз жүрекке жасалған операция туралы жұртшылық ғаламтор арқылы білді. Операция кезінде жарықтың өшіп қалғанына ызаланған дәрігерлер бұл жағдайды ұялы телефондарына түсіріп, ғаламторға салып жіберген. Бұл іске қатысты қызметтік тексеріс те болды. Оның қорытындысы бойынша клиника басшылары кінәлі деп танылды. Себебі - бұл емханада төтенше жағдайларға байланысты қосымша генератор орнатылмаған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети