24 тамыз 2021 15:05

Коронавирусты жоюдан бұрын шектеу керек - эпидемиолог

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Дәрігерлердің қазіргі кездегі күш-жігері коронавирус инфекциясын жоюуға емес, шектеуге бағытталғанын ресейлік эпидемиолог Ольга Ненастина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Риа Новостиге сілтеме жасап.


Дәрігерлердің қазіргі кездегі күш-жігері коронавирус инфекциясын жоюуға емес, шектеуге бағытталғанын ресейлік эпидемиолог Ольга Ненастина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Риа Новостиге сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, кез келген вирусқа "иесін" өлтіруі тиімсіз, өйткені оның өзі де өледі. Эволюциялық тұрғыдан алғанда, ол иесіне аз зиян келтіруге тырысады, бірақ жұқпалы. Сондықтан табиғи сұрыптау оның өлімін, патогенділігін төмендететін, бірақ оның жұқпалы болуын арттыратын мутацияны таңдайды.

"Дәрігерлердің күш-жігері адам ағзасына енетін вирусты өлтіруден бұрын, иммунитетті қалыптастыру үшін, оның мөлшерін шектеуге бағытталған", - деді Ненастина.

Ол коронавирус адамдар өмірінде мәңгі қалады деп баса айтты. Сонымен қатар, дәрігер ДДСҰ SARS-CoV-2-нің төрт мутациясын "алаңдаушылық тудыратын" тізімге енгізгенін айтты: "альфа" (бастапқыда Ұлыбританияда анықталған), "бета" (Оңтүстік Африка), "гамма" (Бразилия) және "дельта" (Үндістан).

"Дененің шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты, олардың әрқайсысынан антиденелер алу үшін бәрін емдеу мүмкін емес. Бір ғана шешім бар. Ол вакцина салдыру. Бұл COVID-19-дың өлімге жеткізетін жағдайларын болдырмауға және вируспен бірге өмір сүруді үйренуге көмектеседі, осылайша оны жеңеді", - деп қорытындылады эпидемиолог.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети