19 наурыз 2014 17:22

Күйеуі ауруханада өлген әйел дәрігерлермен соттаспақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шәміл Шакуров. ©Оdnoklassniki.ru Шәміл Шакуров. ©Оdnoklassniki.ru

Саңырауқұлақтан уланып қайтыс болған қарағандылық Шәміл Шакуровтің әйелі дәрігерлермен соттасқалы отыр. Ол бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. Ерлі-зайыпты екі ай бұрын саңырауқұлақтан уланып қалып, дәрігерлерге көрінген. Әйел күйеуінің өліміне инфекциялық аурухананы кінәлайды, өйткені медицина мекемесінде емге қажетті сарысу болмай қалған. "Мен прокуратураға, сотқа шағымданамын, Денсаулық сақтау министрлігіне жаздым. Дәрігерлер сарысу көп ақша тұрады деп отыр. Тіпті де олай емес, оның құны 36 мың теңгеге жуық. Зертханалық тексеріс күйеуімнің саңырауқұлақтан уланғаннан кейін комаға түскенін көрсетті. Ол саңырауқұлақтарды тышқандарға берген кезде олар келесі күні өліп қалған - ботулизм диагнозы расталды", - дейді Наталья Шакурова. Банкіге салынған саңырауқұлақтарды оның құрбысы Павлодардағы базарлардың бірінен сатып алған. Ыдысында өндіруші компанияның не атауы, не байланыс мәліметтері жазылмаған. "Бұл - жеке кәсіпкерлер, бірақ біз оны Тұтынушылар лигасы арқылы анықтайтын боламыз", - дейді ол. Ботулизм диагнозы қойылған ер адам Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында екі ай жатып, жуырда қайтыс болды. Наталья Шакурованың өзі де саңырауқұлақтан уланған, бірақ ол жылдам жазылып кетті. Бұл оқиғадан соң науқасқа бастапқы диагнозды дұрыс қоймаған дәрігерлер бригадасы мен аурухананы медицина жабдықтарымен қамтамасыз етуге жауапты жұмысшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге, жұқпалы аурулар ауруханасына сирек кездесетін вакциналарды, соның ішінде ботулотоксинге қарсы дәріні сатып алуға келісімшарт жасалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети