17 шілде 2014 14:37

Менингит жылдағыдан бір айға ерте байқалып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Likar.info ©Likar.info

Астанада менингит ауруы жылдағыдан бір айға ерте бой көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Астанада менингит ауруы жылдағыдан бір айға ерте бой көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Аурудың маусымдық көбеюі әдетте тамыз-қыркүйек айларында басталатын, бірақ биыл маусым-шілде айларында ыстық ауа райы болғандықтан, ауру бір ай ерте белең алып отыр, соған байланысты біздің эпидемиологтеріміз инфекционист дәрігерлермен бірге осы мәселемен айналысып жатыр", - деді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде журналистің Астана ауруханаларына менингит деген күдікпен 47 баланың жатқызылғаны туралы сұрағына жауап берген Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

"Астанада жылдың басынан бері менингококк инфекциясын жұқтырудың 47 жағдайы тіркелді. 47 бала бір күнде ауруханаға түсіп отырған жоқ, бұл - өткен кезеңдегі жалпы көрсеткіш. Мұны ресми түрде мәлімдеймін", - деді ол.

Оның сөзін Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова растады. "Жағдай бақылауда, Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселемен жұмыс істеп жатыр, ушығып тұрған жайттар жоқ", - деді Қайырбекова.

Бекшиннің айтуынша, жуырда тұрғындарға тамақтану режимін сақтап, суқоймаларға шомылу кезінде сақтық шараларын естен шығармау керектігі жөнінде үндеу жасалған. Астанада субұрқақтар мен бассейндер инфекцияға тексерілген. 

"Бірде-бір субұрқақта, қаладағы бірде-бір бассейнде, Есіл өзенінде энтеровирустық инфекция табылған жоқ. Біз қазір жеміс-жидек пен көкөністерді зерттеу жұмысын жүргізіп, вирус іздеп жатырмыз", - деді бас санитар дәрігер.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети