19 маусым 2020 15:00

Министр дайындалып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлемде дайындалып жатқан коронавирустан вакцина туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлемде дайындалып жатқан коронавирустан вакцина туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрі әлемде коронавирусқа қарсы вакцинаның бес нұсқасы дайындалып жатқанын хабарлады.

"Алғашқысы инактивацияланған вакцина - вирус химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған. ДДҰ инактивацияланған кандидаттық вакцинаны әзірлеу хаттамасын тексеріп, 15 мамырда өз тізіміне енгізді. Екіншісі, рекомбинантты суббірлік вакцина. Үшіншісі, рекомбинантты векторлық вакцина. Кандидат инактивацияланған вакцина клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр", - деді ол Үкімет отырысында.

"2020 жылдың 15 мамырында кандидаттық инактивацияланған вакцинаға клиникаға дейінгі сынақтар басталды, тышқандарға иммуногенді, қауіпсіз тест өткізілді. 2020 жылдың 10 және 23 маусымында кандидаттық вакцинаның улылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді, сондай-ақ маусым-шілде айланырда тышқандар мен егеуқұйрық, күзенге зерттеу жасалады", - деп толықтырды Аймағамбетов.

Оның айтуынша, 2020 жылдың шілде-тамыз айларында приматтарға сынақ өткізіледі. 2020 жылдың қыркүйегінде - клиникалық сынақтарға шығу жоспарланып отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети