Нейрофизиологтар ұзақ жасаудың сырын ашты

21 Ақпан 2018, 17:39
0
Иллюстрациялық сурет © aif.ru
Иллюстрациялық сурет © aif.ru

Американың Солтүстік-Батыс университетінің бір топ ғалымы ұзақ жасаған адамдардың миын зерттеген. Зерттеу қорытындысы ұазқ жасап, егде жаста да интелектуалдық мүмкіндіктерді сақтап қалуа ұршық тәрізді нейрондардың қатысы барын көрсеткен, - деп хабарлайды mk.ru.

Бұл туралы ғалымдар Америкалық ғылымға жәрдемдесу қауымдастығының конференциясы кезінде мәлімдеді. 
 
Ұршық тәрізді нейрондар фон Экономо нейрондары атымен де белгілі, ол мидың ірі жасушалары болып келеді. Адамдар мен приматтарда ол алдыңғы және орбитофронталды қыртыста болады. Зертеу кезінде ұзақ жасайтын адамдарда бұл нейрондар саны көбірек екені анықталған. 

Ғалымдардың пайымынша, бұл ми жасушалары адамдарға ұзақ жасауға және егде жаста ақыл-естің анық болуына мүмкіндік береді. Әзірге зерттеушілер олардың нақты қалай әсер ететінін түсіндіре алмады, дегенмен, алдағы зерттеулер Альцгеймер сырқаты сияқты нейродегенератив аурулармен күресуге жол ашады деген сенімде.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай