Нобель сыйлығының лауреаты қартаюды тоқтататын жеңіл жолды ашты

02 Қаңтар 2018, 13:35
0
Нобель сыйлығының лауреаты қартаюды тоқтататын жеңіл жолды ашты -  © Depositphotos / ftelkov
© Depositphotos / ftelkov

Нобель сыйлығының лауреаты, биолог Элизабет Блэкберн кәрілікті баяулатудың бес жеңіл әдісін атады, - деп хабарлайды Business Insider.

Маман хромосмалардың теломерлерлі қысқаруы салдарынан қартаю теориясы атты ғылыми еңбегіне сүйенді.

Біріншіден, күйзелісті жеңу керек. Өз зерттеуінде ол аутизм және өзге де созылмалы аурулары бар балаларды тәрбиелеп отыраған әйелдердің мінез-құлқын зерттеген. Күйзелісті жеңе алатын әйелдердің теломерлері айтарлықтай баяу қысқаратыны анықталды. 

Екіншіден, медитация жасау керек. Ғалымның мәліметі бойынша, күніне 12 минут медитация жасаған адамдар екі айда теломерлердің қысқаруын баяулата алған. Сонымен қатар, ғалым көршілермен көбірек араласып, отбасын құрып, өмір бойына дос табу керек деп есептейді. Оның үстіне биолог ақша табуға кеңес береді. Зерттеу табысы жоғары адамдардың теломерлері өзгелерге қарағанда ұзынырақ болатынын көрсеткен. 

Элизабет Элен Блэкберн - америкалық ғалым-цитогенетик, Кэрол Грейдер мен Джек Шостакпен бірге физиология және медицина бойынша 2009 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты атанған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай