13 ақпан 2014 | 17:18

Отандық медицина электронды жүйеге көшпек

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тәжірибеге электронды денсаулық паспортын енгізетіндігі туралы өткен жылдан бері айтып келеді. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өткізген "Қазақстан Республикасында электронды денсаулық сақтауды дамыту перспективасы" атты тақырыпта өткізілген дөңгелек үстел кезінде 2013-2020 жылдарға арналған ҚР электронды денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі тұжырымдамасы талқыланды", - деп хабарлайды, Tengrinews.kz. Құзырлы саланың Баспасөз қызметі таратқан ақпаратты алға тартсақ, "аталмыш шараға Астана мен Алматы қалаларының, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, қалалық, облыстық медициналық ұйымдар қызметкерлері және республикалық ұйым басшыларының орынбасарлары, ақпараттық технология саласындағы мамандар, сонымен қатар, отандық IT-компаниялары қауымдастығының мамандары мен халықаралық сарапшылар қатысты". Ұққанымыз - электронды денсаулық паспортын енгізу жұмыстары қарқын ала бастаған. Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі елдің әрбір тұрғынына электронды денсаулық паспортын енгізуді жоспарлап, ол жайында ресми хабарлаған болатын. Бұл жаңа жүйе еліміздегі электронды медицинаны дамыту аясында жүзеге аспақшы. "Қазақстан Республикасындағы электронды денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы министрлік әрбір азаматтың дер кезінде әрі нақты әрі өзекті ақпарат алып отыруын көздеуде. Сонымен қатар, әрбір азамат сапалы, қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі тиіс десек, дәл осы жаңа жүйе соған кепілдік береді", - дейді, құзырлы сала басшылығы. Ал электронды денсаулық сақтау жүйесінің негізгі құралы - электронды денсаулық паспорты болуы тиіс. Қазіргі кезде бұл құжатты тәжірибеге енгізудің барлық стандарттары, яғни нормасы мен формасы жасалуда. Сонымен қатар, құқықтық тетіктері де талқыланып жатыр. Отандық медицина саласын одан әрмен жетілдірудің аясында жүзеге асып жатқан жаңа жүйенің алғашқы жобалары жасалып, сынға түскен олар бекітіліпті де. Дайындық жұмыстарына министрліктен басқа, соның құзырындағы ұйымдар, халықаралық сарапшылар мен тәжірибелі мамандар атсалысуда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети