07 ақпан 2021 17:36

Петропавлда мыңға жуық адамға вакцина салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: med2.ru Фото: med2.ru

Солтүстік Қазақстан облысында вакциналау жұмыстары жүріп жатыр. Өңірде бірінші кезеңде 1200 адамға екпе салу жоспарланған. Оның 900-ден астамы ерікті түрде вакцина салдырды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 


Солтүстік Қазақстан облысында вакциналау жұмыстары жүріп жатыр. Өңірде бірінші кезеңде 1200 адамға екпе салу жоспарланған. Оның 900-ден астамы ерікті түрде вакцина салдырды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, аймақта 19 екпе жасату пункті жасақталды. Енді 22 ақпаннан бастап бұл медицина қызметкерлеріне вакцинаның екінші компоненті салынады. Жалпы денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, облыста эпедемиологиялық ахуал тұрақталып келеді.

Алдыңғы апталармен салыстырғанда стационарларға түсетін науқастар саны екі есеге дейін азайған. Қазір 22 адамның жағдайы ауыр, 42 адам қайтыс болды.

"Бүгінде 945 адам вакцина алып үлгерді. Оның басым бөлігі медицина саласының мамандары және санитариялық қызметтің қызметкерлері. Қазіргі кезде ешбір асқынулар жоқ. Екпе алған адамдар қатарынан дәрігерлерге шағымданғандар жоқ. Тек дене қызуы көтеріліп, шамалы әлсіздік сезінулер болды. Бұл жалпы вакцина алғаннан кейінгі реакциялар. Дәл "Спутник V"-ға қарсы реакциялар тіркелген жоқ", - деді облыстық  денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети