28 қыркүйек 2021 09:37

Pfizer коронавирусқа қарсы препаратын сынақтан өткізе бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: hipracovid19.com Иллюстрация: hipracovid19.com

Pfizer фармацевтикалық компаниясы 27 қыркүйекте COVID-19 вирусына қарсы препаратының озық клиникалық сынақтары басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Бұл екінші-үшінші фазадағы аралас клиникалық сынақтар.

Препарат PF-07321332 деп аталады, оны АҚТҚ/ЖҚТБ-ны емдеу үшін қолданылатын "Ритонавир" вирусқа қарсы дәрісімен коктейль қылып ішуге ұсынылады.

Корпорация өкілдері препараттың клиникалық сынақтарына 2 660 адамды тарту жоспарланғанын атап өтті.

Бұған дейін Pfizer басшысы Альберт Бурла пандемияға дейінгі өмірге оралу үшін тек жаппай вакцинация қажет екенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети