06 желтоқсан 2017 17:10

Ұлыбританиялық ғалымдар серуендеудің зиянын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© econet.ru © econet.ru

Ұлыбританиялық ғалымдар серуендеудің зиянды тұстарын анықтады. Зерттеуге Лондонда тұратын 60-тан асқан дені сау және аурушаң адамдар қатысты.


Ұлыбританиялық ғалымдар серуендеудің зиянды тұстарын анықтады. Зерттеуге Лондонда тұратын 60-тан асқан дені сау және аурушаң адамдар қатысты.

Таза ауада серуендеу кезінде ластанған ауа кері әсерін береді. Лондондағы Империялық колледж ғалымдары осындай шешімге келді. Олар бұл зерттеуге 60-тан асқан 119 адамды қатыстырған. Зерттеу нәтижелері Lancet журналында жарияланды. 

Айта кетейік, сынаққа қатысушы 40 адамның денсаулығы жақсы болған, 40 адам өкпесі қабынған, ал 39-ы - жүрек ауруына шалдыққан. 

Қатысушылардың бір бөлігі Гайд-паркте, қалғаны Оксфорд-стритте серуендеген. 3-8 апта ішінде қатысушылар орындарын ауыстырған. Әрбір серуендеуден кейін, ғалымдар ластанудың мөлшерін тексеріп отырған. 

Ғалымдар Гайд-паркте серуендеген дені сау адамдардың өкпесі мен қан айналымы жақсарған. Серуендеуден кейін біріншісінің көрсеткіші тұрақты, ал екіншісінің көрсеткіші төмендеген. 

Тексеру нәтижесі бойынша, дені сау адамдар мен жүрегі мен өкпесінде ақауы бар адамдар ластанған көшелермен серуендеудің пайдасы болмауы да мүмкін деген тұжырымға келген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети