10 ақпан 2022 10:04

Вирусолог COVID-19 кезінде ұсақ моторика бұзылуы мүмкін екенін айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: vetdryg.ru Фото: vetdryg.ru

Вирусолог, молекулалық биолог, Мәскеу мемлекеттік университетінің жетекші ғылыми қызметкері Максим Скулачев қан тамырлары жүйесіне әсер ету салдарынан коронавируспен ауыратын науқастардың ұсақ моторикасы бұзылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Скулачевтің айтуынша, COVID-19-да моториканың бұзылуы, ең алдымен, кішігірім неврологиялық ауру.

"Бұл мидың кішкентай тамырлары зақымданғаннан болады, бірақ көп жағдайда бұл өзгерістер қайтымды", - деп санайды маман.

Вирусолог, егер адам салауатты өмір салтын ұстанса, бұл симптомнан жеңіл өтетініне сенімді.

Орал федералды округінің бас профилактикалық дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Сергей Токарев әріптесінің ұстанымымен келісті. Дегенмен, ол ұсақ моториканың бұзылуы орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөліктерінің зақымдалуымен байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Яғни, бұл коронавируспен болатын басқа неврологиялық бұзылулармен бірдей генезиске ие болуы мүмкін", - деп түсіндірді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети