Қарағандыда "1000 мелочей" дүкенінде шыққан өрттің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандыда "1000 мелочей" дүкенінде шыққан өрттің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарғанды облыстық ТЖД өкілдерінің мәліметінше, өрт 14 маусымда 23.00-де Нүркен Әбдіров көшесінде орналасқан № 15 ғимаратта шыққан. Өрт аумағы - 180 шаршы метр. Өрт 23:55-те ауыздықталып, 23:59-да толығымен сөндірілген. Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндіруге 20 арнайы техника және Қарғанды облыстық ТЖД қызметі жеке құрамының 80 адамы жұмылдырылған.
Айта кетейік, дүкен 10 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында болған. Өрттің салдарынан құтқарушыларға сол үйде тұратын барлық тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруіне тура келген. Алдын ала мәлімет бойынша, эвакуацияланған адамдар саны - 462.