15 наурыз 2024 17:51

103 доллар салып "бағдарламаға" қатысатындарға баспана уәде етілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Астанада Best Road Investment қаржы пирамидасының басшылары мен менеджері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.


Астанада Best Road Investment қаржы пирамидасының басшылары мен менеджері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Сотта мемлекеттік айыптаушы қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы мен менеджерінің кінәсін дәлелдеген.

"Пирамида мәніне сәйкес, Shanyrak Plus бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу үшін 103 АҚШ долларын сала отырып артынан екі салымшыны тартып және олардың әрқайсы өсу тәртібімен тағы екі салымшы шақыруы тиіс, осылайша иерархиялық құрылымда деңгейлер құру болып табылады.

Компания қызметінің барлық кезеңінде, яғни 2020 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін Shanyrak Plus бағдарламасы бойынша 45 салымшының ешқайсы қажетті табыс, сондай-ақ тұрғын үй алмаған және жалпы залал сомасы 107 миллион теңгеден астам қаражатты құраған", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, 7 жылға дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, ұйымдастырушылардың әрқайсы 6 жылға, сыбайласы 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

"Келтірілген шығын сотталғандардан өндірілді. Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұйымдарға жарна салудан бас тартуға шақырады".

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети