04 қыркүйек 2023 17:45

"15 жасынан бастап саяхаттады". Таиландта суға батып кеткен қазақстандық туралы ата-анасы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: thephuketnews.com/Eakkapop Thongtub Сурет: thephuketnews.com/Eakkapop Thongtub

Таиланд Пхукетінде суға батып кеткен қазақстандықты ата-анасы танып, оның денесін отанына жеткізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Таиланд Пхукетінде суға батып кеткен қазақстандықты ата-анасы танып, оның денесін отанына жеткізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айбек Смадияровтың мәліметінше, 1 қыркүйекте Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің сенім телефонына Пхукет аралында Қазақстан азаматы жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Консул жергілікті билік пен полицияға хабарлаған. Екі күн бойы іздеу жұмыстары жүргізіліп, кеше оның денесі табылды.

"Бүгін баланы ата-анасы анықтады. Жақын арада денені Қазақстанға жеткіземіз. Қазір құжаттарды рәсімдеу және жергілікті билік органдарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл жігіт Таиландта бірнеше ай болған. Ол 15 жасынан бастап саяхаттаған екен. Әлеуметтік желілерде өте белсенді. Оның YouTube-те өз блогы бар. Сірә, айтишник. Мұндай жағдай болғаны өкінішті, біз ата-анасына барлық қажетті көмекті көрсетеміз", - деп сендірді Смадияров.

Бұған дейін 18 жастағы қазақстандық Тайландта қаза тапқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети