30 маусым 2017 10:49

17 жастағы велошабандоз Дана Ахметованың неден қайтыс болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дана Ахметова Дана Ахметова

17 жастағы велошабандоз Дана Ахметованың неден қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


17 жастағы велошабандоз Дана Ахметованың неден қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Жас спортшы Алматыда өткен жарыста ыстық өтіп, қайтыс болған. Бұл туралы оның ағасы Әмірбек Ахметов айтып берді. Бірінші болып оның әлсірегенін бапкері байқаған. Оқиға 2017 жылдың 23 маусымында болған.

"Бапкер оны тоқтатып алды. Ол оны көрмей, тек дауысқа қарай жүре берген. Жедел жәрдем келіп, ауруханаға жеткізді. Ол үш сағат бойы ауруханада жатып, ауырсынды. Кейін оны жансақтау бөліміне жеткізді", - деді спортшының ағасы.

Айтуынша, жарыс кезінде қыздың қасында болған дәрігерлердің ыстық өтуге қарсы қолданатын мұзы болмаған. 

"Бала комаға түсіп, минуттардың ішінде ыстық өтті. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуі керек еді. Бұл маңызды минуттар еді", - деді ол. Айтуынша, марқұм Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Токушим ауылында жерленеді. Мәйіт ұшақпен жеткізіледі.

Еске салайық, кеше, 29 маусымда Алматы қаласының жетінші қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде танымал велосипедші Дана Ахметова қайтыс болған еді.

"23 маусымда 17 жастағы спортшы қыз IV Жастар спорт ойындарында есінен танып қалған, содан кейін жедел жәрдем бригадасы оны жансақтау бөліміне жеткізген. Дәрігерлер Дананың жағдайы тым ауыр деп бағалаған. Қыз бала ес жимастан қайтыс болды", - делінген федерацияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.  

Сонымен қатар, федерациядағылар Дана Ахметованың Солтүстік Қазақстандағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепте оқығанын және Қазақстан Республикасының спорт шебері екенін жазған. 2016 жылы Дана Олимпиадаға дайындық орталығының тізімінде болған. 


Суреттерді марқұмның туыстары жолдады

"Дана Ахметова талантты әрі мықты спортшы болатын, ол өзі қатысқан жарыстарда жеңіске деген үлкен ерік-жігерін көрсете білді. Маусым басталысымен ол бірнеше медальға ие болды. Қазақстан велосипед спорты федерациясы Дана Ахметованың жақындары мен туыстарына көңіл айтады және қайғыға ортақ екенін жеткізеді. Бұл орны толмас қаза. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз", - делінген хабарламада. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети