13 тамыз 2020 17:10

45 миллиард тенгенің қарызы: алматылық әйел сотта жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © 1tv.kz Фото: © 1tv.kz

Алматылық әйел банкпен соттасып, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық әйел банкпен соттасып, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банк тұрғыннан 45 миллиард теңге өндіріп алмақ болған.

Осыған дейін Зебихон Қадірованың келісімшарт бойынша банкке қарыз болып қалғаны хабарланған еді. Алайда әйел қате кеткенін мәлімдеген. Оның айтуынша, осыдан 10 жыл бұрын ол заңгердің көмекшісі болып жұмыс істеген. Заңгер Зебихон Қадірова есімін пайдаланып, фирма мен банк арасында келісімшарт жасаған. Ал мұны алматылық әйел білмеген.

Сот алғашында банк пайдасына үкім шығарған. Алайда тұрғын оған қарсы шағым түсірген. Істі қайта қарау кезінде несие туралы келісімшартқа қатысы жоғын дәлелдейтін айғақтар табылыпты.

"Бүгін Алматы қалалық сотында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы міндетін атқарушы М. Мұхатовтың төрағалығымен Медеу аудандық сотының "Проблемалы несиелер қоры" АҚ 45 миллиард теңге көлеміндегі қарызды өндіріп алу туралы талабын қанағаттандыру туралы шешімі қайта қаралды.

Апелляциялық соттың шешімімен Зебихон Кадыровадан 45 миллиард теңгені өндіріп алу туралы арызды қанағаттандырмау туралы жаңа шешім қабылданды. Бірінші инстанциядағы соттың қалған шешімі өзгеріссіз қалды", - делінген қалалық соттың хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети