Almaty Towers ғимаратында өрттен қаза тапқан студент үйленгелі жүрген

09 Қараша 2016, 22:36
0
Almaty Towers ғимаратында өрттен қаза тапқан студент үйленгелі жүрген - Өрттен қаза тапқан Исмаилжон Исраилов
Өрттен қаза тапқан Исмаилжон Исраилов

Almaty Towers ғимаратында өрттен қаза тапқан Исмаилжон Исраилов үйленуді жоспарлап жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Студенттің әкесі оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Бүгін, 9 қарашада, Оңтүстік Қазақстан облысында өрттен қаза тапқан Исмаилжон Исраиловты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қайтыс болған баланың ата-анасының айтуынша, олардың ұлы тіс дәрігері болуды армандаған.  Келесі жылдың жазында олар ұлын үйлендірмек болған. Ирисали Исраиловтың айтуынша ұлы қосымша жұмысқа шығуға мұқтаж болмаған. 

"Менің ұлым қосымша жұмысқа шығуға мұқтаж болмады, біз оның жұмыс істеп жүргенін де білмедік. Сол күні біз сөйлескенімізде сәттілік тіледік. Ал түнде бізге қоңырау шалып, мәйітті тану керектігін айтты. Ештеңе түсінбедім. Кейінірек ғимарат өртеніп, соның ішінде біздің ұлымыз қайтыс болуы мүмкіндігін айтты. Шынымды айтайын сол кезде жынданып кете жаздадым. Келген кезімізде өлгендер арасында ұлымның болмауын құдайдан тіледім, алайда бұл оның тағдыры шығар. Мен өзімнің ұлымды қолдарынан, аяғынан және бетінен таныдым. Мен оның ол жерде қалай тап болғанын білмеймін. Бір бөлмеде төрт адам қалай есіктің ауызында қайтыс болғанын білгім келеді. Олар ол жерден қалай шыға алмаған? Бүгін маған адамдар хабарласып сол компанияның иесі екендерін айтып, маған көмектесетінін айтты, олар маған қалай көмектеседі? Несімен?" - деді қайтыс болған Исмаилжонның әкесі.

Сонымен қатар баланың әкес жазда Исмаилжонды достарымен Түркияға демалуға жібергенін айтады. Отағасы баласына үй салып беруді жоспарлап жүрген. Екі күн қатарынан Исраиловтар отбасының үйіне әр обылыстан адамдар ата-анасын қолдауға  келіп жатыр екен. Сайрам ауданының әкімі де келіп көңіл айтқан. Ол қайтыс болған баланың отбасына көмек беруді уәде еткен. 

Соңғы рет Исмаилжон Исраиловты ата-анасы осы жылдың 31 тамызында көрген. Ол Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да тіс дәрігері оқуын оқыған. 

Еске салайық, 2016 жылдың 6 қарашасында Almaty Towers ғимаратында өрт шығып, 80 адамның эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, өрттен кейін төрт адамның мәйіті табылғаны айтылды. Ал кейінірек ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың студенттер екені анықталды.

Айта кетейік, университеттердің басшылығы мен ұжымдары қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл білдіріп, студенттердің отбасына материалдық көмек беріп жатыр. Осылайша, ҚазҰМУ-дың экономикалық кеңесі көз жұмған студенттің отбасына 300 мың теңгедей бөлді.

Almaty Towers басшылығы қаза тапқандардың отбасына 3 миллион теңгеден береді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай