EXPO маңында өрт болды

13 Қаңтар 2018, 13:09
0
EXPO маңында өрт болды - Оқиға куәгерлері жолдаған сурет
Оқиға куәгерлері жолдаған сурет

Астанада EXPO аумағында декорациялық қуыршақ жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Редакциямызға оқырмандардан суреттер мен видео келіп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, декорациялық қуыршақтардың бірі өртенген.

"Декорациялық қуыршақтарды демонтаждау кезінде олардың бірінде от тұтанған, өрт аумағы 5 шаршы метр. Тілсіз жау өртке қарсы қызмет мамандары келгенше ауыздықталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған", - деп хабарлады ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оқиға куәгерлері жолдаған видео.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай