26 қазан 2023 09:24

Абай облысындағы қайғылы оқиға: төрт бала өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аягөз әкімдігі. © География знаний Аягөз әкімдігі. © География знаний

Абай облысы Аягөз қаласында өрт болып, төрт бала өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Абай облысы Аягөз қаласында өрт болып, төрт бала өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал түскен. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті.

Өртсөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр жерде жиһаздар мен жеке заттар жанғаны анықталды. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды. Өлімнің себебі анықталып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети