24 қараша 2021 18:51

"Абай" шахтасындағы қайғылы оқиғаның себебі айтылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин алты адам қаза тапқан Абай шахтасындағы оқиғаның себептерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин алты адам қаза тапқан Абай шахтасындағы оқиғаның себептерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Комиссия апат болған жерді екі мәрте тексеріп, куәгерлерден, оқиғаға қатысы бар адамдардан жауап алды. Техникалық құжаттаманы зерделеп, бес сараптамалық шағын комиссияның және тәуелсіз сарапшылардың қорытындысы бойынша метан газының бөлінуі тау-кен массасының шығарылуынан, газдинамикалық құбылыс салдарынан болған деген қорытындыға келді. Көмір мен газдың кенет таралуы ықтималдығы жоғары қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық "Қолданыстағы нормативтік құжатқа сай емес" - деді министр.

Оның айтуынша, комиссия бұл оқиға жұмысшылардың жұмыс орнында және жұмыс уақытында еңбек міндеттерін орындау кезінде апат салдарынан болғанын анықтады, яғни ол өндірістегі жазатайым оқиға ретінде есепке алынады және еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актілермен ресімделеді.

"Комиссия осы жазатайым оқиғаға әсер етпеген бұзушылықтарды анықтады: ол - жұмысшы мен техникалық инженерлік құрам санының жетіспеушілігі. Жұмыс беруші шахта алаңдарында геологиялық бұзушылықтарға толық көлемде барлау жүргізбеген, жабдықтар мен технологиялық құрылғыларды уақтылы жаңартпаған. Жұмыс беруші жұмыс орындарындағы тәуекелдерді барынша азайтатын жаңа технологиялар мен заманауи жабдықтарды тиісті мөлшерде енгізбеген", - деді Ильин.

Ол комиссияның қорытындылары тергеу органдарына берілгенін және тергеу органдарының шешімі бойынша алдағы уақытта осы апатқа кінәлі нақты лауазымды адамдардың анықталатынын түсіндірді.

Еске салайық, 7 қараша сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Кейінірек Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында қаза тапқан алты адамның тізімі жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети