Адам өлтіргені үшін соттылық және шизофрения: Алматыда зейнеткерді соққыға жыққан ер адам туралы не белгілі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адам өлтіргені үшін соттылық және шизофрения: Алматыда зейнеткерді соққыға жыққан ер адам туралы не белгілі Бейнеден кадрлар

Алматының Бостандық ауданында жас жігіт аялдамада тұрған 66 жастағы зейнеткерді аяусыз соққыға жықты. Зардап шеккен әйелдің қызы оқиғаның видеосын жариялады, бұл кадрлар қоғамда үлкен резонанс тудырды. Tengrinews.kz тілшілері шабуыл жасаған адамның өткеніне қатысты мәліметтерді анықтады.


Алматының Бостандық ауданында жас жігіт аялдамада тұрған 66 жастағы зейнеткерді аяусыз соққыға жықты. Зардап шеккен әйелдің қызы оқиғаның видеосын жариялады, бұл кадрлар қоғамда үлкен резонанс тудырды. Tengrinews.kz тілшілері шабуыл жасаған адамның өткеніне қатысты мәліметтерді анықтады.

Не болды?

Әлеуметтік желілерде видео жарияланды, онда жас жігіттің аялдамада тұрған қарт әйелге жақындап келіп, оны жұдырықпен аяусыз ұра бастағаны, ал ол құлаған кезде басынан тепкені көрінеді.

Жәбірленушінің қызы әлеуметтік желіде жігіттің еш себепсіз шабуыл жасағанын жазды.

"Ол артынан келіп, айналада ешкім жоқ сәтті күтіп, оны жайдан-жай аяусыз, хайуандықпен ұра бастаған. Қазір анам ауруханада жатыр. Жағдайы өте нашар. Бұл видеоны көру ауыр. Бірақ оны көру керек. Мен мұны қаралым жинау үшін жариялап отырған жоқпын. Бұл туралы мүмкіндігінше көп адам білсе деймін", - деп жазды ол.

Зейнеткердің отбасы ер адамның үстінен арыз жазды, содан кейін полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Бірінші соттылығы

Шабуыл кадрлары жарияланғаннан кейін блогер Kozachkov offside, шабуылдаушының есімін жариялады. Ол бұрын сотталған 26 жастағы Алматы тұрғыны Т. болып шықты.

Тілшілер күдіктіге қатысты сот шешімін тапты. Құжатқа сәйкес, 2021 жылдың ақпанында ер адам кісі өлтіру (ҚК 99-бабының 1-бөлігі) және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК 106-бабының 1-бөлігі) баптары бойынша істі болған.

Сот материалдарынан белгілі болғандай, 2020 жылдың 18 сәуірінде Т. ата-анасымен бірге үйде болған. Сағат 23:30 шамасында оларға екі ер адам келген - олар сотталушының анасы еден жуушы болып жұмыс істеген дәмхана иелері еді. Олар әйелден ұрлады деп айыптаған алты миллион теңгені қайтаруды талап еткен. Келушілер бұған дейін де отбасын бірнеше рет қорқытып, ақша талап еткені атап өтіледі.

Есікті ашпаған соң, олар есікті темір ломмен бұзып, пәтерге басып кірген. Шақырылмаған қонақтар отбасы мүшелеріне күш қолдана бастағанда, Т. ас үйге жүгіріп барып, пышақ алып, ер адамдарға бірнеше рет соққы жасаған. Соның салдарынан олардың бірі қайтыс болған.

Сот талқылауы барысында Т.-ға тағылған айыптар жеңілдетілген баптарға қайта квалификацияланды: ҚК 102-бабы "Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру" " және ҚК 112-бабы "Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру".

Сондай-ақ сот отырысында медициналық құжаттарға сәйкес 2018 жылы Т.-ның "шизофрения белгілері бар жедел полиморфты психотикалық бұзылыс" түріндегі психикалық ауытқуды бастан өткергені белгілі болды. Алайда қылмыс жасаған сәтте ол есін білген және өз іс-әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болған.

Нәтижесінде, іс материалдарын зерделей келе, сот оны қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті, сондай-ақ жазасын өтеу орны бойынша оған психиатрдың амбулаторлық мәжбүрлі бақылауы мен емін тағайындаған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.15   542.27   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер