23 қаңтар 2024 10:26

Адамдар мінген автобус жер астына түсіп кеткен: Бас прокуратура мәлімдемесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Валерия Бугаева Фото Валерия Бугаева

Бас прокуратура "Майкаинзолото" АҚ аумағында адам өліміне әкеп соқтырған тау кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі ережелерін бұзуды тергеу бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Бас прокуратура "Майкаинзолото" АҚ аумағында адам өліміне әкеп соқтырған тау кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі ережелерін бұзуды тергеу бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Павлодар облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы 2024 жылғы 04 қаңтарда Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі "Майкаинзолото" АҚ аумағында болған оқиға дерегі бойынша ҚК-ның 277-бабы 3-бөлігі ("Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Жолдың опырылуы салдарынан тау-кен карьеріне апаттық-құтқару қызметінің 4 қызметкері бар автобус құлағаны анықталды, 2 адамның денесі сол күні шығарылды. Тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі ережелерін бұзуды тергеу жөніндегі комиссия құрылды. Іс бойынша процессуалды прокурорлар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қазба орнынан автобустың бірнеше фрагменттері мен құтқарушылардың жеке жабдықтары жер бетіне көтерілді.

"Қазіргі уақытта оқиға орнына жол салу үшін топырақ шығарылып, геосканерлеу жүргізілуде, шағын көлемді экскаваторлар түсірілді, екі құтқарушыны іздеу жалғасып жатыр.

Тау жыныстарының тұрақсыздығына және шұңқыр астында қуыс жерлер пайда болып, топырақтың басуына байланысты жұмыстарды жүргізу қиындап отыр. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 147 адам, 45 техника, 3 кинологиялық есеп және 2 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде кәсіпорынның 40-тан аса қызметкерінен, сондай-ақ ЖШС басшылығынан жауап алынды, қажетті құжаттар, бейнебақылау камераларынан жазбалар алынды", - делінген хабарламада.

Іс бойынша жолдың опырылып құлау себептерін анықтау үшін елдің әртүрлі аймақтарынан тау-кен-құрылыс жұмыстары саласының мамандарын тарта отырып, бірқатар сараптамалар тағайындалғаны айтылды.

Тергеу Бас прокуратураның бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети