15 шілде 2015 21:52

Ақмола облысында ауыл әкімін оның күйеуі өлтірген болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"КТК" телеарнасы ©"КТК" телеарнасы

Белағаш ауылдық аймағын басқарған Яна Крыльді тура жұмыс кабинетінде өз күйеуі пышақтап өлтірген. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлап отыр.


Белағаш ауылдық аймағын басқарған Яна Крыльді тура жұмыс кабинетінде өз күйеуі пышақтап өлтірген. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлап отыр.

33 жастағы келіншек бірден ауруханаға жеткізілгенімен, тілге келмей көз жұмды. Оқиға кешқұрым болған. Жұмыс орнында ауыл әкімінен басқа тағы бір қызметкер отырыпты. Кенет әкімнің азаматтық некедегі күйеуі келіп, шу шығарады. Жанжал кезінде ол Янаға бірнеше жерінен пышақ сұғып алған. Қарамағындағы қызметкер көмекке жүгіргенімен, тым кеш еді. Ашынған еркек өз-өзіне де қол жұмсақ болған. Қазір ол да қатаң күзетпен емдеу мекемесінде жатыр. Ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжалға не себеп болғаны әзірше белгісіз.

Еске салайық, күні кеше ғана, Шығыс Қазақстандағы Күршім ауданының әкімі де кісі қолынан өлген болатын. Ол іс бойынша, жалғыз күдікті ретінде Алтайбек Сейітовтің көлік жүргізушісі қамауда отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети