07 желтоқсан 2015 16:58

Ақмола облысында балабақшада қазандық жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © zvezdochka13.ru Иллюстрация © zvezdochka13.ru

Ақмола облысында балабақшада қазандық жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөнінде оқиға болған балабақшаның меңгерушісі айтып берді.


Ақмола облысында балабақшада қазандық жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөнінде оқиға болған балабақшаның меңгерушісі айтып берді.

"Қазандық сағат 11.15-те жарылды. Біз жарылыстан шыққан дауысты естідік. Қазір оқуды жалғастырып жатырмыз, бірақ жылусыз", - деді меңгеруші Айгүл Құлынбекова.

Оның айтуынша, балабақшада 140 бала оқиды және 40 қызметкер бар. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ, эвакуация жүргізілмеді, барлығы орындарында қалды.

Целиноград аудандық білім бөліміндегілердің мәлімдеуінші, қазандық ғимараттан алшақ орналасқан, сондықтан одан адам өміріне келер қауіп жоқ. Қазандықтың жарылу себебі әзірше белгісіз, балабақшадағылар ол екі-үш күнде жөнделеді деп үміттеніп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети