29 шілде 2020 12:39

Ақмола облысындағы өрт: зардап шеккендердің денсаулығына қатысты мәлімет шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: naviny.by Фото: naviny.by

Атбасар ауданы Хрящев аулында өрттен зардап шеккен отбасы мүшелерінің денсаулығына қатысты мәлімет шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Атбасар ауданы Хрящев аулында өрттен зардап шеккен отбасы мүшелерінің денсаулығына қатысты мәлімет шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өрттен аман қалған 2004 жылғы бала Атбасардағы көпбейінді аурухананың балалар бөліміне жатқызылған.

"Баланың оң жақ иығында жара мен арқасында күйік бар. Ол әрең демалады, тамағы ауырады. Денсаулығы орташа ауыр деңгейде. Тиіс медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оның анасына амбулаторлық деңгейде медициналық көмек көрсетілді. Әйелдің аяқ-қолында жара бар. Оның күйеуі медициналық көмекке жүгінген жоқ", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, осыған дейін Ақмола облысы Атбасар ауданы Хрящева ауылында үй өртеніп, 3 баланың қаза тапқанын хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети