29 қаңтар 2015 11:22

Ақсу ферроқорытпа зауыты өкілдері шлак жарылысы туралы түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©YouTube кадры ©YouTube кадры

Ақсу ферроқорытпа зауытының өкілдері шлак жарылысы түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Жарылысты жұмысшылардың бірі ұялы телефонына түсіріп алған болатын. Төтенше оқиғаның жүк тиеушілердің еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты бұзғанынан болғаны анықталды. 


Ақсу ферроқорытпа зауытының өкілдері шлак жарылысы түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Жарылысты жұмысшылардың бірі ұялы телефонына түсіріп алған болатын. Төтенше оқиғаның жүк тиеушілердің еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты бұзғанынан болғаны анықталды. 

26 қаңтар күні YouTube-те жарияланған видеоға технологиялық астауды босату процесі түсірілген. Видеоның 30-секундынан бастап, шлактың астаудан төгілгені және сол мезетте жойқын жарылыс болғаны көрінеді. 

Ақсу зауыты баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс 5 қаңтар күні тиісті талаптарды өрескел бұзудың салдарынан болды. Бұл дерек бойынша басшылық жедел тергеуді бастады, соның нәтижесінде жүк тиеушілердің қыздырылған шлакты қардан тазартылмаған жерге төккені анықталды, бұл жарылысқа әкеліп соқты.

"Бұл видеодан жағдайдың алдын ала ойластырылғаны көрініп тұр, жұмысшылар бұл заңбұзушылықтың салдары қандай болатынын алдын ала білген, жеке бас қауіпсіздігін сақтай отырып, оқиғаны қашықтан түсірген. Заңбұзушылар мұндай әрекеттің қауіпті екенін және өз әрекеттерінің жауапсыздығын, зардап шегушілер мен материалдық шығынынң жоқ екенін түсінген, оларға қатаң сөгіс түрінде тәртіптік шаралар қолданылды. Сонымен бірге тәртіптік жауапкершілікке жұмысшылардың осы учаскедегі қауіпсіздік техникасын бақылайтын және соған жауапты желілік жетекшілері де тартылды", - деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі. 

Ақсу зауыты аумағындағы шлак жарылысы ұжымда қызу талқыланып жатыр. "Кәсіпорында шлакты тасымалдау мен өңдеуге қолданылатын жабдықтарды жаңарту жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл шаралардың бәрі бірінші кезекте жұмысшылардың еңбек жағдайы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Өкінішке қарай, адамдардың жауапсыздығы да кездесіп жатады", - дейді зауыттың баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети